Апат айтып келмейді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері еліміздің бірқатар аймақтарында орын алған су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға қолдау көмектерін көрсету туралы үндеуге қосылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мекеменің арнайы жиналысында ұжым мүшелері табиғат апатына ұшыраған отбасыларға көмек көрсету мақсатында бір күндік еңбек жалақыларын арнайы есепшотқа аударуға бірауыздан шешім қабылдады.
#TaskynKomek