Талдықорғанның тұрғыны Ляззат Ысқақова өзінің 3-жылдық құлдық өмірі туралы баяндап берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып. Жақын билік өкілдері мен полиция қызметкерлері жәбірленушінің құжаттарын реттеп береді. Жәбірленуші әйел осыдан 3 жыл бұрын өзінің Алматы облысы, Алакөл ауданындағы шаруа қожалығына жұмысқа орналасқанын айтады.
«Менің бір танысым сол ауданға жұмысқа орналасуға шақырды. Жалақыны да жақсы төлейтіндігін айтқан болатын. Сонымен бірге жұмысты жақсы жасасаң сыйақыны да береді деген еді. Сол уақытта қаржы жағынан қиыншылық болғандықтан бірден келістім. Мені шаруа қожалығының иесі Болат деген азамат күтіп алды. Мен ол жерде жеке меншік мүлікті пайдалана отырып жұмыс жасайтындықтан Болат менің жеке куәлігімді алып алды. Құжатты алғаннан кейін маған деген қарым-қатынастары бірден өзгерді. Ол жерде маған ауыр жұмыстарды тапсырып қойды. Егер дұрыс жасамаған болсам мені ұратын еді.»,- деп сұхбат берді.

Жәбірленуші бірнеше рет қашып кетуге тырысқандығын да жасырмады. Оның басынан арматурамен ұрғаннан кейін қашып кетуге әрекет жасай бастаған.
«Мен қамыстардың арасына тығылған едім, бірақ мені итпен іздеп тауып алды. Бір кездері мен қыстың күні жалаң аяқ қашуға тырыстым, бірақ тағы да іске аспады. Ұстап алды, ұрып соқты, әрі қарай жұмыс істеуге мәжбүрледі.Мен қансырап жатқан күннің өзінде шаруашылықтың қожайыны Бөкен мен оның әйелі Анар мені соғуын тоқтатпады. Олардың балалары да мені үрды, бүкіл отбасымен мені таяқ астына алды. Тіпті қатты ауырған күннің өзінде дәрігерді жолатпай қойды. Тек менің жұмыс істеуге ешқандай күшім қалмаған кезде мені автовокзалға әкеліп, жерге лақтырып кетті. » деп өзінің құлтықта өткізген күндерін есіне алды.
Басқа да оқиғаларды жалғастырып айта алмады. Оның денсаулығы туралы оның ағасы баяндап берді.
«Тіпті хайуан да адамның бұл істерін қайталамайтын болар. Біз Ляззатты жыл бойы іздедік, бірақ таппадық. Ол үйге кіріп келген кезде, мен, туған ағасы өз қарындасымды танымай қалдым. Тірі өлікке ұқсап кіріп келді. Біз дереу дәрігерлік көмекке жүгіндік. Бірақ құжаттардың жоқтығынан түрлі мәселелерге тап болдық. Дәрігерлер қолдан келген көмекті аямады. Бірақ біз кешігіп қалдық. Ляззат 4-дәрежелі қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Мен енді осы азаптың оның өмірінен жоқ болатын күнді күтуден басқа амалым жоқ. Ол қазір ғана осылай жайбырақат жатыр. Оның ауруы түнде ғана асқынып, азаптайды.», - деп сұхбат береді Ляззаттың ағасы.
Ляззттың 5 баласы бар. Ол қазір үйде, балаларының жанында. Осы оқиғаға байланысты Ляззат Ысқақованың арызы тіркелді. Қазіргі уақытта Алакөл ауданында тексеріс жүргізілуде.