Президенттен сөгіс естіген Астана әкімі Әсет Исекешов 22 сәуірде таң атпастан қаладағы тәртіпті ретке келтіруге кірісіп кетті.
Әсет Исекешов құрылыс алаңдарын, алаңдардағы санитарлық жағдайлар мен көпқабатты үйлердің ережеге сай-сай еместігін, сондай-ақ жол тазалау пунктерін аралап шықты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс алаңында болып қайтқан Астана әкімі қала аймақтарына құрылыстан қалған қоқысты рұқсатсыз төкпуге бұйырды.

Сонымен қоса, қала басшысы орталық және қосалқы көшелерді, ықшамаудандар мен тұрғын үй кешендерін қарап шықты. Тас жолдардың жағдайын, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, көшелердегі жарықты, көгалды мұқият тексерді. Үйлердің ауларын да қараусыз қалдырмады.

Бұл тексерісінен соң әкім қызметке жауаптыларға қаланың көшелері, нысандары мен аулалардағы тазалықты қадағалауын тапсырды. Тапсырманың орындалуына бір апта уақыт берді. Орындалмаған жағдайда қатаң жазаланытынын да ескертті.

Еске сала кетейік, Астана қаласының кескін-келбетіне көңілі толмаған Елбасымыз қала әкімі Исекешовты сынның астына алып, бір ұрсып алды.
Елбасымыз Астана қаласының ЭКСПО көрмесіне дайындығына көңілі толмағанын айтты. Атап айтар болсақ, ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа нысандар салу қажеттігін жеткізді. Елбасының айтуынша, туристер орталықтан он қадам аттаса, сұмдық жайттардың куәгерлері атануы мүмкін. Орталығымыз керемет, ал шет жақ былығып жатыр. Шетелден асыға күткен қонақтарымыз мұның барлығын фотоға түсіріп, әлем алдында масқараласа не істейміз дейді мемлекет басшысы.
Исекешевті Астананың әкімі етіп тағайындағанда оған көп үміт артқанын да Елбасы жасырмады. Алайда президенттің айтуынша, мұндай сорақылық Жақсыбековтің тұсында да орын алмапты. Сөз соңында Әсет Исекешевке жұмысты жеделдетіп қолға алуды міндеттеді.