25 жастағы витилиго (тері ауруы) дертіне шалдыққан Ганалық медбике сұранысқа ие сәнбикеге айналды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Энам Хейкинз журналистерге өзі жайында айта келіп, 7 жасынан бастап терісінде дақтар пайда бола бастағанын айтқан. Мектепте оқушылар оның терісіндегі дақтарға күліп, келемеждеген екен. «Барлығы менен алшақ жүретін. Себебі мұны жұқпалы ауру деп ойлайтын» -дейді .
Энам бойжеткеннен кейін де, оның терісіндегі дақтар кетпеген. Ол ұнатқан жігіттері де өзінен қашқақтағынын айтады.
Ақырында қыз өзінен ұялмау керектігін шешіп, осы қалпында өзін қабылдауға тырысқан.

Энам медбике болып жұмыс істеген кезде өз дерті витилигоға қатысты конференцияға барған. Онда қызды сән агенттері байқап, түрлі ұсыныстар жасаған. Бүгінде қыз агенттіктерде сұранысқа ие сәнбике болып өз мансабын дамыту жолында жүр.