22-сәуірде "Астана" командасының велошабандозы, 37 жастағы Микеле Скарпони қаза тапты, - деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы жаттығу жасап жүріп, апатқа ұшыраған. Оны жүк көлігі қағып кетіп, велошабандоз оқиға орнында қаза тапқан. Көлік жүргізушісі спортшыны байқамай қалғанын айтқан.
Микеле Скарпони 2010 жылға жейін италиялық командалардың атынан құрлықтық жарыстарға қатысқан, Джиро д’Италия кезеңдерінде және Тиррено-Адриатико 2009 жарысында жеңіске жеткен. Ол "Астана" клубының сапында 2014 жылдан бастап жарыстарға қатысып жүрген.