Бүгінгі таңда адам баласының сыртқы болсын, ішкі болсын жан-жарасын емдейтін құрал смартфондар мен әлеуметтік желілер екен. Оның дәлелі - Қытай ауруханалырының бірінде орын алған төмендегі оқиға.
Қытайдың Ханчжоу қаласының 69 жастағы тұрғыны аяғына жасалған ота кезде әлеуметтік желіде отырған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Чжу есімді әйелдің аяғындағы тамырлары ісініп, ота жасату керек болады, алайда әйел отадан қатты қорқады екен. Сол себепті дәрігер ота жасау кезінде әйелге смартфон қолдануға рұқсат етеді.
Зейнеткердің айтуынша, әлеуметтік желілер оның қорқынышы мен уайымын ұмыттырып жіберген. Ота барысында ол WeChat арқылы достарымен араласып, тіпті, дәрігерлер мен медбикелердің жұмыс істеу барысын суретке де түсіріп үлгерген.
Ота жасау кезінде телефонға тыйым салынғанымен, Чжуге бұл тыйымның қатысы болмады.
Осыған ұқсас жағдай қаңтар айында да орын алған көрінеді. Нью-Йорктегі Мэттью Шуьман есімді хирург тікелей эфирде ота жасап, хирургиялық құралдармен таныстырып, жалпы ота жасау процесін түсіндіріп берген екен. Соның арқасында ер адамның парқшасына миллиондаған адам қосылған.