Мұхамедиұлы: Димаштың концертінде жанжал шығарған күзетшілерге қатаң шара қолданылды

/uploads/thumbnail/20170710041431368_small.jpg

Мәдениет және спорт министрі концерт алаңдарында келеңсіз жағдайлардың орын алмауын ендігі қадағалайтын болады.

«Қазақстан» концерт залында болған жанжаллдан соң күзетшілер жұмыстан қуылды. Бұл жайында министр өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Болған оқиға үшін қатты өкінемін. Мен ерекше сыйлайтын журналистердің еркіндігін ешкім тежей алмайды. Күзетшілердің бұл істері ақылға қонбайды. Таңнан бері «Қазақстан» концертінің басшылығына қатаң шара қолдануды ұсындым. Күзетшілер жұмыстан босатылатын болады» деп жазды министр.

Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы ендігі жолы бұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берді.

«EXPO-2017 қарсаңында мұндай жағдайдың орын алуы дұрыс емес. Келеңсіз жағдайлардың қайталанбасы үшін енді қатаң түрде қадағалайтын боламыз. Ал Димаштың концерті кеңірек жерде өтетін болады», деп сөзін аяқтады.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің концерті басталарда «Қазақстан» концерт залының күзетшісі мен журналистің арасында үлкен жанжал туындап соңы төбелеске ұласқан еді. 

Қатысты Мақалалар