Strategy2050.kz агенттігінің хабарлауынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес істері, Қазақстан халқы Ассамблеясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде бірлескен іс-шараның жоспарына қол қойды.
Бұл жайында Қазақстан халқы ассамблеясы жетекшісінің орынбасары Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында айтты.
«Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында айтып өткендей, біз әркімнің жеке үлесі мен қасиеттері бағаланатын қоғам құрамыз. Мұндай жүйе тамыр-таныстықты қажет етпейді. Жүйенің бұл түрі дамымай қалған мемлекеттерде қолданылады. Қол қою мен жоспардың орындалуы жемқорлықпен күресте өз нәтижесін беретініне сенімдімін», деді Д. Мыңбай.
«Жемқорлық – мемлекетті құртатын, адамдардың сеніміне, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін әрекеттірдің бірі», деп өз пікірін қосты А. Шпекбаев.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер Қазақстанда жемқорлық деңгейнінің төмендегенін айтты.
«Халықаралық рейтингке көз жүгіртсек, елімізде 2013 жылға қарағанда жемқорлыққа барған адамдардың саны әлдеқайда азайған».
Жемқорлыққа қарсы мәдениет құру жөніндегі жоспарда Қазақстандағы түрлі этникалық топтардың тілдерінде авторлық мақалалардың жариялануы, адамдарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында радиоларда, әлеуметтік желілерде, телеэкрандарда түрлі бағдарламалардың трансляциясы қаралаған.