27 сәуірде Венесуэла Америкалық мемелекеттері ұйымынан шығуды бастайды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі мемелкеттің СІМ басшысы Делси Родригес.
Венесуэла Америка мемлекеттері ұйымына кірмейтін жалғыз мемлекет болмақ.
«Біз Америка мемлекеті ұйымына жазбаша талап қоямыз, процедура 24 сағатты алады» дейді министр телевизияға берген сұхбатында.
26 сәуірде Америка мемлекеті ұйымының кеңесі СІМ басшыларын жинап, Венесуэлаға қатысты шешім шығарды.
Бұдан бұрын Венесуэладағы СІМ басшысы мемлекет президенті Николас Мадуродан Венесуэланың АМҰ-дан шығуы жайында нұсқау алған.
Венесуэлада саяси және экономикалық дағдарыс жалғасын тауып келеді. Республиканың он мыңдаған тұрғындары Каракасе астанасы мен мемлекеттің 20 қаласында наразылық акциясына қатысты.
Шеруге шыққандар мерзімінен бұрын сайлау өткізу мен оппозиция жетекшілерінің түрмеден босатылуын талап етті.
Оппозицияның ойынша, президент-социалист Николас Мадуроның саясаты экономикалық дағдарыс пен демократиялық еркіндіктің қысымына әкеліп соқтырды. Президенттің ойынша, қарсы пікір білдірушілер АҚШ-тың көмегімен мемлекеттік төңкеріс жасамақшы.