ЭКСПО билеттерін күштеп сатқызу кімге керек?

    Gulim Zhaqan
    ЭКСПО билеттерін күштеп сатқызу кімге керек?

    «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, бүгінде арнайы нөмірге арыз-шағымдар көптеп түсіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Иә, билеттерді күштеп сатуға қатысты арыздар бар. Билет сатылымы басталғалы бері республиканың түкпір-түкпірінен осы мәселеге қатысты 300-ге жуық шағым түсті. Шынымен де, ондай арыздардың басым бөлігі расталады. Ондай «маркетингті» жергілікті әкімдіктер жүргізіп отыр. Біз бірден араласып, ондай жағдайларды шешуге тырысамыз. Күшіміз жетпей жатса, құзіретті органдарға тапсырамыз», - деді Куянов бүгін Астанада өткен арнайы баспасөз мәслиxатында.

     Оның айтуынша, көрме билеттерін күштеп сатуға байланысты арыз-шағымдар көп болса да, сол билетті сатып алмағаны үшін біреуді жұмыстан шығарғаны жайында әлі бірде-бір ақпарат түскен жоқ.

    Айта кетейік, бүгінде ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты барлық ақпаратты 87023326521 нөміріне WhatsApp арқылы жазуға болады.

    Бұдан бөлек, hotline@expo2017astana.com электронды поштасына арыз түсіруге болады.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025