Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылық көмек жасады

/uploads/thumbnail/20170710044054282_small.jpg

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және оған бағынышты Комитеттер мен “ҰАҒО ” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облысы Атбасар ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 8 665 042 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі министрлік сайтындағы ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Кеше Министрлік өкілдері Атбасарға барып, баспанасын су басып, арендалық үйлер мен уақытша купелік вагондарда тұрып жатқан тұрғындармен кездесті.

Үкімет және жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайға тойтарыс берудің барлық амалдарын жасап жатыр. Дегенмен, азаматтық қоғам да енжар қалмай, зардап шеккен жандарға барынша қолдау білдіруде.

Жиналған қаражат «Таза қала Атбасар» Қоғамдық бірлестігінің шотына аударылды.

Қатысты Мақалалар