Алматы қаласының тұрғыны Барахолка базарында су басқан жер асты жолымен жүк тасу арбасы арқылы адамдарды 50 теңгеге тасып жүр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасай отырып.
«Таңертең киім базарына жұмыстарыммен барған болатынмын. «Сәлем» базарына жер асты жолы арқылы өтпек болғанымда, ол жер жауған жаңбырдан суға толы болды. Жүргіншілер жолы алыста орналасқан, ал жол ортасымен өтейін десем милиция қызметкерлері 5000 теңге айыппұл салады. Жер асты жолына түсіп қарасам, бір ер адам жүк арбасы арқылы адамдарды жолдың арғы бетіне тасып жүр екен. Бағасы небәрі 50 теңге. Жолдың арғы бетіне өтетін адамдар саны өте көп, кейде қатарға тұрып кезек күтетіндер де кездеседі»,- деп басынан өткен оқиғаны баяндап берді жолаушылардың бірі.
Екі қолға бір күрек таппаған ер азаматтарға бұлда өз септігін тигізуі әбден мүмкін.