Жылан жасырынған жұмбақ сурет жұртты 3-4 сағат бойы экранға телміртіп қойды

/uploads/thumbnail/20170710044408426_small.png

Твиттер әлеуметтік желісінде @SssnakeySci  никті қолданушы жапырақтар арасында жасырынған жыланның суретін өз парақшасына жариялаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сурет авторы жазылушыларынан суреттегі жыланды табуын сұрап, бір тәулік бойы жауабын бермеген. Тәулік бойы бастарын қатырып, суретке телмірген қолданушылар жыланды таба алмаған.

Жауабын күтіп әбден тағаттары таусылған твиттер қолданушылары автордың бұл сұрағы қалжың екен деп түсінген. Алайда суретте жылан расында да бар болып шыққан. Ол- қураған жапырақтар түстес жылан екен.

Желі қолданушылары жауап жарияланғаннан соң да суреттен жыланды таппағандарын айтқан.

Әлеуметтік желіде кең таралған сурет 21 мың  лүпіл жинап, 5000-ға жуық ретвит жинаған.

Қатысты Мақалалар