Қырғызстан тұрғынын балаларымен бірге Қазақстанға құлдыққа сатып жіберген

/uploads/thumbnail/20170710044529893_small.jpg

Бұл отбасыны Талдықорғандағы Қарабұлақ ауылына алып келіп, олардың құжаттарын 60 000 теңгеге «егелеріне» сатқан, деп хабарлайды turmush.kg басылымы. Мәлметтің қазақша нұсқасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Қырғызстан полициясының айтуынша, 2006 жылы Қазақстанға 34 жастағы әйел мен оның 9 жастағы ұлын және бір жастағы қызын сатып жіберген екен. Деректерде көрсетілгендей, оларды 60 мың теңгеге құлдыққа сатқан.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, 2006 жылдың мамыр айында Қырғызстан тұрғыны әйелдің сенгіштігін пайдаланып, оны балаларымен бірге Қазақстанға алып келген.

Талдықорған облысының Қарабұлақ ауылына келіп, күдікті құлдыққа сатылған адамдардың құжаттарын 60 мың теңгеге айырбастапты.

Аталмыш оқиғаның шындығы 11 жылдан кейін белгілі болып отыр.  Бұл істі Ош облысының ІІБ растады. Аталмыш оқиғаға қатысты материалдар жинақталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетер болсақ, 26 сәуір күні қылмыскер бір бойжеткенді оған үйленемін деп алдап, 50 мың теңгеге сексуалды құлдыққа сатып жібермек болған. Астана полиция басқармасы бұл оқиғаның алдын орап, сату ісін болдырмаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар