Әйелден жолы болмаған данышпандар

/uploads/thumbnail/20170710044546050_small.jpg

Әйел адамның ықпалы мен қолдауы арқасында жетістікке жеткен, тарихта есімдері қалған данышпандар аз емес. Ал енді, керісінше өмір бойы әйел махаббатына ие бола алмай, сүйіктілерімен қосыла алмай, жолы болмағандар да көп. Махаббатта жолдары болмаған данышпандардың ғұмырлары туралы қызықты деректерді Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Франческо Петрарка

Діни қызметкер ғана емес діни жазушы және дипломат болған Петрарка Данте, Боккаччолармен бірге заманауи  итальян тілінің  қалыптасуын жүзеге асырған.  21 жасында Франческо Лаура есімді бойжеткенді кездестіріп, оған ғашық болған. Содан бастап оның шығармашылығына жаңа леп келеді. «Канцоньере»  туындысы толығымен Лаураға арналған. Алайда, Франческоның бұл махаббаты жауапсыз, бақытсыз болды. Лаураны тек бірнеше рет қана көріп, онымен тіпті тілдесе алмаған. Лаура болса Петрарканың сезімі туралы білмеген болуы да мүмкін.

Лаура де Нова - жас аристократ қыз. Гуго де Сад есімді графқа тұрмысқа шыққан. Жұбайымен бақытты не бақытсыз өмір кешкені туралы мәлімет жоқ. Алайда графтан 11 баласы болғаны белгілі.

Рафаэль Санти

Рафаэль Санти  -Ренессанс кезеңінің символы.  Көптеген танымал туындылардың: «Мадонна Альба», «Батырдың түсі», «Мадонна Конестабиле» т.б авторы. Әйелдер мен ер адамдардың портреттерін салып, өнерде жаңа бағыттың келуіне әсер еткен.

Рафаэльдің өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеушілерге нақты мәліметтер белгілі болса да, жеке өмірі тек аңыз ретінде ғана жеткен. Форнарина есімді қыз – оның құпия ғашығы.

Зерттеушілердің мәліметтері бойынша бұл қыздың шын есімі- Маргерита Лути болған.

Екеуара қарым-қатынас өте ауыр және қиын болған деседі. Рафаэль оны сурет салып тапсырыс жасап жүрген уақытта кездестірген. Оған ғашық болып, әкесінен сатып алған. Суретші қызға қатты ғашық болған, алайда оның ғашығына керегі тек оның байлығы еді. Нәтижесінде Маргерита оған опасыздық жасайды. Ал Рафаэль болса ғашығына барлығын кешірген. Жеңіл жүрісті әйелге айналғанын естіген уақытта суретші қатты қайғыға батып қаза тапқан екен.

Артур Шопенгауэр

Неміс философы, ғалым. Оның кітаптары әлемді, әлем туралы көзқарастырды өзгерткен. Еуропа үшін шығыс философиясын, буддизм принциптерін ашқан тұңғыш адам. Зигмунд Фрейд пен Юнг та көзқарастарының көбінде дәл осы Шопенгауэрге сүйенген.

Шопенгауэрдің кез-келген қарым-қатынасы психологиялық дағдарыспен аяқталған. Содан да болар ол әйел затын жек көріп кеткен. Оның тағы бір себебі- оның  анасы Артурды жақсы көрмеген. Оған көңіл бөлмей, күйеуі қайтыс болған соң оны тіпті тастап кеткен екен.

25 жасында Италияға сапары барысында Тереза есімді қызбен танысады. Ол ауқатты отбасынан шыққан, білім алған сұлу қыз болады. Артур өзімнің иделымды таптым деп ойлайды. Оған ұсыныс жасайын деп жүргенде Терезаның өзге біреумен жимып сөйлесіп тұрғанын көріп қалады. Осыдан кейін ол ешқашан ғашық болмаймын деп өзіне серт етеді.

Николай Гоголь – орыс әдебиетін сөйлеп, жүруге үйреткен адам. Шығармашылығы да, жеке өмірі де мұңға толы Гоголь өз-өзін жақсы көрген, жаны нәзік болған. Сондықтан да жалғыз өмір сүрген. Қанша жерден қарым-қатынастан алыс жүруге тырысқанымен ол да махаббаттың құрбанына айналды. Александра Росетти есімді қызбен танысып, көңіл қосқанымен бірге бола алмаған. Қыз кедейден шыққан, Гогольдің жағдайы да нашар болған. Осы орайда Александра дипломатқа тұрмысқа шығып кеткен. Алайда Гоголь екеуі кейін де араласып тұраған екен.

Николай Гумелев- орыс ақыны, Анна Ахматоваға ғашық болған.

Николай он жеті жасында  Анна он төрт жаста болғанда танысқан. Жігіт қатты ғашық болып, Анна болса оны қабылдамаған. Осы кезде Николай өз-өзін өлтірмекші болады. Екі жас айырылысып кетіп, қайта араласқан. Жеті жылға созылған қарым-қатынас кезінде Гумелов оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Ақыр соңында, Анна келісімін береді, алайда шектеу мен тыйым салудың болмауын талап етеді. Бұл талапқа, ғашық жігіт келісімін берген.

Әу баста-ақ отбасын құра алмайтыны белгілі болған бұл жұп той өткен соң Париж, Петерборға да көшеді. Анна Ахматова өзге суретшілермен араласып, шығармашылыққа бет бұрып кетеді. Осы кезде екі жас ұлды болады. Аннаның өлеңдер жинағы шығады. Гумеловтың өлеңдеріне қарағанда Ахматованың өлеңдері сұранысқа ие бола бастағанда, Николай әйелін тастап Африкаға кетіп қалады. Соғыс біткен соң Ахматова басқа біреуге тұрмысқа шығу үшін Николаймен ажыраспақ болады. Күйеуі келісімін береді де, өзі де басқа әйелге үйленеді. Алайда оның бұл таңдауы да ешнәрсені өзгертпейді, қарым-қатынастары ұзаққа бармайды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар