Қазақстан әлемдік рейтингте 53-орында

/uploads/thumbnail/20170710044704113_small.jpg

Қазақстан 2017 жылғы әлемдік әскери күштер рейтингісінде 127 орынның ішінен 53-орында деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі nur.kz сілтеме жасап.

Қарулы күштердің осындай әлемдік рейтингін жыл сайын  Global Firepower Index ұйымдастырады. Бұл тізімде алғашқы үштікте бірінші АҚШ, екінші Ресей, үшінші Қытай тұр. Бұдан кейін Индия, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Түркия.... жалғасады.

Рейтингтің соңғы орындарында Намибия, Сомали және Орталық Африка Республикасы тұр.

Global Firepower Index – бұл мемлекеттің әскери күшін есептейтін әлемдік рейтинг. Рейтинг 50-ден артық талаптарға сай есептеледі: сарбаздар саны, танк саны, әскери ұшақтар және кеме, елдің транспорттық инфраструктурасы т.с.с. Алайда, аталған шартта ядролық қару есептелмейді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар