Сирияның қарулы оппозициясы Ресейден келіссөзге қатысуға шақыру алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап. Қарулы оппозициялық топтардың ешқайсысы Астанадағы кездесуден бас тартпады.
Кездесу Астана қаласында 3-4 мамырға жоспарланып отыр. Қарулы топтардың мүшесі Фатех Хассунның мәлімдеуінше, шақырту Ресей делегациясынан келген. «Ресей мен Сирия арасында күшті байланыс бар. Ресейдің режимді ұстануы – бұрыс таңдау. Ресейдің жақын уақытта өз таңдауын өзгертетініне сенеміз», - деді топ мүшесі.
Сириялық оппозиция оы уақытқа дейін келіссөзге қатысу туралы мәліметті растамаған болатын. 27 сәуір күні Сыртқы Істер вице-министрі Мұхтар Тілеуберді Астанадағы келіссөзге қатысушы мемлекеттерді жариялап, ақпаратты растады.
Пікір қалдыру