iPhone 7-де кемшілік бар екені анықталды

/uploads/thumbnail/20170710045555481_small.jpg

iPhone 7 смартфонын қолданушылар телефонның  қара корпусты  түрінде (черный оникс) кемшіліктің бар екенін анықтады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.  Смартфонның жылтыр бетіне тез түсетін сызаттардың кесірінен өзінің алғашқы қалпынан тез айырылатыны бір болса, екіншіден смартфонның артқы жағындағы жазу тез өшіп кетеді екен. iPhone жазуы да, алманың суреті де өшіп тез өшіп қалатын болуы керек. Бұны осындай олқылыққа тап болған смартфон қолдануышаларының бірі дәлелдеген.  Reddit форумында ұялы телефонының суретін жариялаған.

Сматрфон қолданушысы өзінің қара корпусты телефонын дәл осы ерекше стилі мен түсі үшін сатып алғанын айтқан. Apple дүкенінде бұл жағдайды смарфонның көп ұсталу себебінен деп түсіндіріп отыр.  Сонымен қатар «қара оникс» түсті iPhone 7 смартфонын арнайы қапта ұстаған жөн дейді Apple  қызметкерлері.
 

Қатысты Мақалалар