Қызға таласқан жігіттер арасындағы жанжал өліммен аяқталды

/uploads/thumbnail/20170710050131282_small.jpg

Петропавлда жантүршігерлік өлім орын алды. Өткен сенбіде Петропавлдың Черемушки ауданында жол үстінде пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылған деп хабарлады Tengrinews.kz сайты Петропавловск.kz порталына сілтеме жасап. 

 Басылымның мәліметінше, жастары 35-ке де толмаған жігіттердің арасында қыз үшін жанжал туындаған. Жігіттердің бірі өзі сүйген қызын танысынан қызғанып, сол ауылдан көлікпен келіп, қарсыласымен ерегескен. Деректергі сүйенсек, екі жігіт те ішкен көрінеді. Жанжал соңы қайғылы аяқталған. Қызын қызғанған жігіттің жүрек тұсына пышақ қадалған.

Қылмыскер оның қансыраған денесін ауылдағы көшелердің біріне лақтырып кетіп, қаза тапқан адамның көлігін жүргізіп кеткен. Кейінірек ол өзінің не істегенін түсініп, көлікті Новопаловка ауданында тастап кеткен. Қаза тапқан ер адамның телефонымен қалаға автобуспен кетпекші болған. Ол уақыттың ішінде полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстап үлгерген. Өзге мәліметтер әзірге белгісіз.

Қатысты Мақалалар