Белгілі гитарист өзінің 70 жылдық мерейтойына арналған кеште қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170710050201517_small.jpg

Hampton Grease Band рок-тобын құрған белгілі гитарист Брюс Хэмптон Джорджия штатында өзінің 70 жылдығына орай өткізген мереклелік кешінде жүрек талмасы ұстап, қаза тапты. Оқиға 1 мамырда орын алды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Би-би-си жергілікті басылымының мәліметінше, Fox Theater сахнасында музыканттың жағдайы нашарлап кетеді. "Turn on Your Lovelight" әнін орындау барысында аяқ астынан жүрек талмасы ұстайды. Онымен қосылап гитарада ойнап тұрған өзге музыканттар бұған мән бермеген, бұл қылығын гитаристің кезекті трюгі деп болжаған.

Хэмптонның 50 жылға созылған өнер жолындағы алғашқы қадамы Фрэнк Заппомен сахнаға шығуынан басталды.

1960 жылы өзінің Hampton Grease Band атты тобын құрды, топпен рок-кештерде өнер көрсетіп жүрді.

Өнер жолында 20-ға жуық авторлық күйтабағы шықты. 

Қатысты Мақалалар