Астана қаласының әуежайында Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарука Бараки қызметтілік өкілеттігі аяқталған соң Кабулге қайтпақшы болған кезде қамауға алынды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі afghanistan.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Еске сала кететін болсақ, Ауғанстанның Қазақстандағы елшісі болып ұлттық әскердің бұрынғы басшысы Кадам Шах Шахим тағайындалды.
Мохаммад Фарук Бараки өз еліне қайтар кезде жайсыз оқиғаға тап болған. Кеденшілерінің дипломаттың багажы туралы сұрағына ойланбастан «Онда бомба бар»,- деп жауап берген. Ойланбай айтқан жауабы оның тұтқындалуына себеп болды. Әуежайдағы есіктер жабылып, арнайы бөлімнен 100 жауынгер шақыртылды. 3 сағат бойы тұтқында болған дипломат Қазақстан СІМ рұқсат еткеннен кейін ғана сапарын жалғастырды. Бараки бұл жауапты кеденшілер бірнеше рет сұрақ қойғандықтан әзіл ретінде айтқанын жеткізді.
Болған жағдайға байланысты Ауғанстанның сырқы істер министрлігі әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.