Мәскеуде 28 жастағы әйелді алдымен зорлап, кейіннен ұрып тастаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ren.tv.
Басылымның мәліметінше, әйелден кек алу мақсатында ер адамдарға 29 жастағы әйел бұйрық берген. Ол қарсыласын жазалау мақсатында қылмыскерлерге ақша төлеген.
Деректерге сүйенсек, 1 мамырда сағат 23:00-де балаларға арналған ойын алаңында әйел адамды зорлап, ұрып кеткен. Алаң күзетшілері қылмыскерлі бірден қолға түсірді.
Зардап шеккен әйел мен кісі жалдаған әйел де бір еркектен аяғы ауыр екені анықталды. Бүгінгі таңда екеуі де ауруханада жатыр. Қылмыскер жалдаған әйел күйеуінің көңілдесіне сабақ болсын деген оймен, түсік жасатпақшы.