Әлемдік метеорологиялық ұйым мүшелері жер шарының климаттық өзгерістеріне байланысты жылдық есепті жариялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі onlyhotnews.ru-ға сілтеме жасай отырып. Олар жақын арада жер шарының климаты аса қауіпті өзгеріске ұшырайтындығын ескертеді. Зерттеушілердің есебіне сәйкес 2016 жыл ең жылы уақыт және 2015 жылға қарағанда температура 1,1 °C-қа көтерілген. Жарияланған жылдық есепке сәйкес 2001 жылдан бастап жыл сайын 1 градусқа көтеріліп отырған. Бұл жер шарының температурасының жыл сайын өсіп келе жатырғанын білдіреді. Бірнеше жылдан кейін осылай жалғаса беретін болса жер ғаламшарының температурасы адам сенгісіздей ыстық болуы мүмкін.
«Теңіздердегі орташа температурасы жыл сайын жаңа көрсеткіштер көрсетіп жатыр. Теңіздердің деңгейі жоғарыланған сайын Арктика мұздығы орташа деңгейден төмендеп барады. Атмосфера жыл сайын рекорд жаңартуда. Адамдардың түрлі іс-әрекеттері де климатқа өз әсерін тигізіп жатыр», - дейді ұйым хатшысы Петри Таалас.
Климатологтар алда болатын климаттық өзгерістердің болатындығына аса сенімді. Бразилияда құрғақшылық, Канадада өрт, Италияда жер сілкінісі жиі болып жатыр. Ал 2017 жылы бұдан да қиын оқиғалар болатындығын ескертеді.
Зерттеушілердің пікірінше, 2017 жылы температураның жоғарылауына байланысты Арктика мұздығы еріп, жер шарында үлкен апат орын алуы мүмкін.