2017 жылдың 5 мамырында сағат 11:00-де Алматыда «Bekmambetov Cinema 3D» кинотеатрында (Республика алаңы, 2, «Алмалы» СОО) қазақ кино өнерінің тарланы - КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына орай "Шарайна - шындық шебері" деректі фильмінің көрсетілімі өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Көрсетілімнен кейін Асанәлі Әшімовтің қатысуымен баспасөз отырысы ұйымдастырылады.