«Нұрғисатану» кітабының тұсауы кесілді

/uploads/thumbnail/20170710051102775_small.jpg

Таразда «Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Шара барысында композитордың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған айлық қорытындыланды. Жиын қонақтары мен қатысушылары өнер иесінің атындағы мектеп-интернат музейіне саяхат жасап, оқушылардың қолөнер көрмесін тамашалады. Ал ұлы сазгердің көзін көрген ғалымдар естеліктерімен бөлісіп, жастарға атақты тұлға туралы естеліктер айтып берді.

Сонымен қатар «Нұрғисатану» кітабының тұсауы кесілді. Туындыда Тілендиевтің өміріндегі ел аузында жүрген қызықты сәттері мен нақыл сөздері жазылған. Оралжан Масатбаев, Н.Тілендиев халықаралық қоғамдық қорының директоры: -Біздің мақсатымыз – осы ірі тұлғалардың мұрасы арқылы жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Атап айтқанда Абай Құнанбаев, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы, Нұрғиса Тілендиевтің мұрасын біз алдыңғы шепке алып, сол жұмысты жалғастырып жатырмыз. 

 

Қатысты Мақалалар