Еуразиялық Топтың (ERG) тоғыз жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық патриоттық «Батырлар жолымен – Дорогой славы» жобасы аясында батырдың есімі берілген көшеге Төлеген Тоқтаровтың ескерткіші ашылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. «Майдан жолы» іздеу жасағы биылғы миссиясын ескерткішті салтанатты түрде ашумен түйіндеді.
Еуразиялық Топтың (ERG) алюминий дивизионы кәсіпорындары – «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қызметкерлерінен жасақталған іздеу экспедициясының бағдары кейін келе И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия атанған, кезіндегі 316-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлік жолын одан ары зерттеуге бағытталған.
Старая Русса қаласы – 1942 жылдың 7 қаңтары мен 20 мамыры аралығында Демянск операциясы басталған алғашқы қосын. Тап осы жерде 8-ші гвардиялық дивизияның сарбаздары жауға бірінші болып тойтарыс берген.
Еуразиялық Топтың қолдауымен «Майдан жолы» іздестіру жасағы Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары із-түссіз кеткен жауынгерлерді, олардың жоғалған заттарын іздестіреді. Ұрыс даласында бауырластар зиратында мәңгілік мекенін тапқан марқұмдарды, белгісіз санитарлық көмбелер мен белгісі жойылған бауырластар молаларын табады. Осылайша олар сұрапыл соғыс жылдары хабарсыз кеткен жауынгерлер мен офицерлердің жеке заттары арқылы олардың тағдырын біліп, есімдерін жаңғыртып, олардың артында қалған туған-туыстарына жеткізеді. Бұдан бөлек, көнерген ескерткіштерді жаңғыртып, мемориалдық орындарды қалпына келтіреді. Новгород облысының Старая Русса ауданындағы ұрыс даласындағы бауырластар зиратын абаттандырды.

Сонау сұрапыл соғыс жылдары тап осы жерде фашист басқыншыларын тоқтату үшін жан алып, жан беріскен ұрыста ерлігімен дараланған жауынгердің бірі Төлеген Тоқтаров болатын. Калинин майданындағы 3-ші екпінді армияның 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамындағы 23-ші атқыштар полкының автоматшысы Төлеген Тоқтаров 1942 жылғы 5 ақпанда Новгород облысындағы Нагаткино ауылына бірінші болып кіріп, бірден жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқынға алған.
Батыл жауынгердің қайсарлығына тәнті болған қаруластарын Төлеген Тоқтаров талай мәрте шабуылға өзі бастап кірген. 1942 жылы 7 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтере алмай қалып, дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 метрге дейін қысқарғанда Төлеген Тоқтаров қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға шақырды. Алдыңғы шепте шеткі үйлерді жаудан азат етіп, 5 басқыншының көзін жойған. Оғы таусылғанша жауға тойтарыс беріп, ауыр жараланыпты. Осылайша Төлеген Тоқтаров 1942 жылдың 10-шы апқаны күні ерлікпен қаза тапты.
Қайратты, ержүрек сарбаз Новгород облысы Старая Русса аймағының Бракловицы ауылында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 30 қаңтардағы Жарлығымен фашист басқыншылармен болған майдандағы білгір қолбасшығы мен жауынгерлік тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны үшін Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

– Осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін Старая Русса ауданының әкімшілігіне алғыс айтқымыз келеді. «Батырлар жолымен – Дорогой славы» атты патриоттық жобаны жүзеге асырып келе жатқаны үшін ERG корпорациясына да мың да бір рахмет. Өйткені бұл шара компанияның тек Новгород облысы аумағында ғана емес, жалпы майдан даласының әр қиырындағы біздің батырлар – қазақстандықтардың ерлігін ерекше құрмет тұтып, жадымызда жаңғыртып келе жатқанын аңғартады. «Майдан жолы» іздестіру жасағына ерекше алғыс білдеріміз. Өйткені сонау сұрапыл соғыстан бері 72 жыл өткеніне қарамастан, бұл жасақ әлі де іздестіру жұмыстарын үздіксіз жалғастырып жатыр, – деді Санкт-Петербургтегі Қазақстан Республикасының Бас Консулдығының Бас консулы Ермек Пірімбетов.
– Шынымен бүгін, Старая Русса үшін айрықша күн, – деп атап өтті Старая Русса муниципалдық ауданы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Надежда Егорова. – Өйткені Төлеген Тоқтаров сынды батырлар, жалынды жастар бізді Жеңіс күніне жеткізді. Бұл бізді біріктіретін күн. Сол себепті бұл шараға Қазақстаннан өкілдер келгені бізді қатты қуантады. Өйткені біздің әкелеріміз Екінші дүниежүзілік соғысының отты жылдары иық тірестіріп, қатар жүріп қан майданда елін қорғады. Ал бүгін олардың ұрпақтары қатар жүріп қызмет атқарып келеді. Әрі сол аталардың бізге жеткізген жеңістері мен ортақ батырламыздың есімдерін жадымызда мәңгі сакқтауымыз керек.
– Екінші дүниежүзілік соғысының отты жылдары жанын шүберекке түйіп, біздің бүгінгі бейбіт күніміз үшін қан кешкен батырлардың ерлік істерін есте сақтау – біздің парызымыз. Старая Русса қаласына қоладан батыр Төлеген Тоқтаровтың бюстін орнату Еуразиялық Топтың ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан жұмыстың лайықты жалғасы. Мақсат Отан үшін от кешкен жауынгерлердің ерлік ісін дәріптеу. «Майдан жолы» жасағы құрылғаннан бері Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне 12 жаңа ескерткіш, стеллалар және ескерткіш тақтайшалары орнатылды. Үш ірі ескерткіш күрделі жөндеуден өтті, мектептермен мен алаңдарға біздің батыр жерлестеріміздің аттары берілді. Біз бүгін аталған игілікті істің атқарылуына сүбелі үлес қосып, көмек қолын созған Старая Русса миниципалдық ауданының әкімпшілігіне алғыс білдіріп, осы қаланың барлық тұрғындарына біздің ортақ тарихымызға деген құрметтері үшін алғыс ақтарығымыз келеді, – деді «ERG Комек» корпоративтік қорынының атқарушы директоры Болат Оразов Еуразиялық Топ басшылығының құттықтау хатын оқи отыра.
Экспедиция қорытындысында табылған Екінші дүниежүзілік соғысының жәдігерлерлін мұражайларға тапсыру көзделген. Сондай-ақ, жоба туралы фото және видеоматериалдар әзірленетін болады.