Ресей Президенті Владимир Путин мен Германияның үкімет басшысы Ангела Меркельдің кездесу кезіндегі суретке дене тілі сарапшысы Даррен Стантон талдау жасады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tvzvezda.ru-ға сілтеме жасап.
Суреттерге мұқият зер салып, талдау жүргізген Даррен Стентонның айтуы бойынша, екі елдің басшысының кездесуі шиеленіске толы болған.
Екі елдің үкімет басында отырған тұлғалар камера алдында өз-өздерін қалыпты ұстай білген. Алайда, бұл өз ісінің маманы Даррен Стентонды сендіре алмады. Маманның айтуынша, кездесу қызу талқы мен қарбаласқа толы, шиеленіскен мәселе төңірегінде өткен.
Тереңірек зерттей келе, Стентон өз болжамын шығарды. Оның жеке пікірі бойынша, Меркель «екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға тырысқан», ал Ресей Президенті «өз мемлекетінің күш қуатына сенім артты» дейді.

Еске сала кетсек, екі елдің билік басында отырған қос лидердің кездесуі Сочи қаласында өткен болатын.