Беларусияда қолыңызға ақ қағаз ұстап шықсаңыз не болады?
1 мамыр күні қағаз ұстап шыққан 6 адам тұтқындалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жергілікті тілшілер оқиға орнына дереу барып, мәселенің анық-қанығын білуге тырысқанымен, полиция қызметкерлерінің бірі де аталмыш жайтқа қатысты айтудан бас тартып, тілшілердің сұрағына жауап бермеген.
Ақ қағаз ұстаған бір азаматты қолынан сүйреп бара жатқан полиция қызметкеріне «Сіз бұл кісіні тұтқындап жатырсыз ба?» деп сұрақ қойған болатын. Алайда, полиция қызметкері: «Жоқ, біз жай ғана әңгімелесіп бара жатырмыз» деп жауап берген.
Оқиға орнында қолдарына ақ парақ ұстаған тұрғындардың бірі: «Бұл – еркіндік пен бостандықтың белгісі» деп мәлімдеді.
«Менің бұл жерге келген себебім: елімізде тағы да саяси тұтқынға алушылық басталды, мен бұған қарсымын. Адамдарды жазықсыздан-жазықсыз қолдарынан жетектеп алып кетіп жатыр, халыққа еркін өмір сүруге мүмкіндік берсін», - дейді оқиға орнында ақ парақ ұстаған әйелдердің бірі.