Бұлай қуанып, қазақ халқынан сүйіншілеп қуанышты хабармен бөлісуді асыға күттік. Қарт Алатаудың бөктері Қапшағай көлінің жағалауы бала күлкісіне оранды, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «Балдауен-Қапшағай» РОСО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер шоқтығы Бурабай жеріндегі 15 жылдық тарихы бар «Балдәурен» РОСО-ның келбеті жер жәннаты Жетісу мен алып қала Алматыға да келіп жетті. Сәуір айынан «Балдәурен-Қапшағай» РОСО өзінің жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда бұл жерде білікті мамандар жұмыс істеп жатыр. Сауықтыру орталығының тағы бір ерекшелігі жылдың барлық мезгілінде балаларды қабылдап, білікті ұйымдастыршуы – ұстаздардан (тәлімгер), жоғарғы санатты педагог мамандарынан білім алуға толық мүмкіндігі бар.

Тәулік бойы бала демалысын қызықты етіп ұмытылмастай әсер қалдыруға ұйымдастырушы ұстаздар жұмыс жасайды.
Балаларды тамақтандыруда жақсы қарастырылған. Тәулігіне 6 реттік тамақтану және тынығу уақыты жүзеге асырылады.
Елбасымыз: - «Өскелең ұрпақ ұлт болашағының кепілі» - деп, айтқандай ел тұтқасын ұстайтын білімді де білікті бала тәрбиелеу және олардың қызығушылығы мен жарқын көңілді демалысын ұйымдастыру «Балдәурен-Қапшағай» РОСО-ның басты міндеті мен мақсаттарының бірі болып табылады.
Балаңызға бақытты балалық шақ сыйлаңыз!
