Адамзат баласы өзінің даму тарихында тек қана қажетті, керемет, ерекше, таңқаларлық дүниелер ойлап тапқан деп ойласаңыз, қатты кателесесіз. Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына адамзат қолынан пайда болған қажетсіз, түсініксіз, мағынасыз заттардың бір тобын ұсынады.
Өз ішінде газын ұстай алмайтындар үшін
Қасындағы, айналасындағы адамдарға ешқандай зиянын келтірмейтіндей жағдайда болғысы келетіндер үшін жаңа туынды- «ерекше іш-киім» ойлап табылды.
Іш-киім ішінде жеңіл алынып тасталынатын құрамында көмір бар фильтрі бар.
Жас-жеткіншектерді қорқыту құралы

Говард Стэплтон есімді адам электромеханикалық құрал ойлап тапты. Оның мақсаты бұзақты жеткіншектердің іс-әрекеттерін алдын-алу. Супермаркетте, ойын-сауық орталықтарында бұзақы әрекеттер жасауға ниеттенген жеткіншектер осы аппараттың дыбысын естиді. Бір қызығы бұл құралдың дыбысын тек жеткіншектер ести алады.
Иттер үшін арнайы мессенджер

Бұл құрал микрофоннан тұрады. Иттің қарғыбауына байланатын микрофон арқылы ит иесі арнайы экранда оның дыбысын естиді.
Үй жануарларды жуатын машина

Қолмен жуылғанға қарағанда әлдеқайда жеңіл болып келетін бұл аппаратта жуу жануардың көлемі мен қажеттілігі, тері ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады.