Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг-сынамасында тыйым салынған препараттар табылған қазақстандық зілтемірші қыздар бірнеше жылға жарыстардан шеттетілді, Мая Манеза мен Зүлфия Чиншанло екі жылға, Светлана Подобедова сегіз жылға дискваликацияланды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лондонд олимпиадасында алынған сынамаларды қайта сараптамадан қайта тексеру нәтиджесінде дпинг табылған кез, яғни 2016 жылғы 26 мамырдан бастап есептелінеді.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы атлеттердің олимпиадада алған жүлдесінен басқа жарыстарда жеткен марапаттыры мен атақтарын сақтап қалатынын айтады.
Еске сала кетсек, үш атлет қыздарымыз 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадада Қазақстан атынан шығып, алтын жүлдеге ие болған. Бірақ Халықаралық олимпиада комитеті 2016 жылғы допинг-сынамасынан кейін тыйым салынған препаттарды пайдаланғаны анықталып, нәтижелері жойылды.