ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев қазақ тілін бір жылда үйреніп аламын деп уәде берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Мемлекеттік тілде қашан сөйлей бастайсыз?» деген журналистердің сұрағына министр қазақ тілінің дайындық курсына жазылып, үйреніп жүргенін айтты.
«Бір жылда қазақша сайраймын деп ойлаймын. Бүгінде аптасына үш рет қазақ тілінен сабақ аламын. Ауылға барғанде жергілікті тұрғындарымен, туысқандарыммен қазақша сөйлесемін. Оның маған көп көмегі тиеді»,-депті Бекетаев мырза.