НҰРТАС АДАМБАЙ БІР ТОП ЖІГІТТЕРМЕН КӨЛІКТЕРГЕ ТУ ТҮСТЕС «ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫН» ТАРАТТЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710052955774_small.jpg

Елімізге танымал мегажұлдыз, бірнеше отандық кинолардың режиссеры және де жалпы жұртшылыққа "Келінка Сабина" атымен танылған актер Нұртас Адамбай бірнеше жігіттерді қасына ертіп көшедегі көлік жүргізушілеріне көк ту түтес "Жеңіс лентасын" таратты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

"Қазақстан - бұл мен!" атты өзіндік акциясын бастаған актер көшедегі көліктердің көпшілігіне "жеңіс лентасын" таратып, "біз Қазақстан үшін, Қазақстан жасасын" деп ұрандады.

Қасына ерген бір топ жігіттермен бірге көлік жүргізушілерінің қолына лентаны ұстатып, "көлігіңізге міндетті түрде іліп қойыңыз, Қазақстан жасасын" дейді.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіде басқа қалалардың әкімдерін Астанадан үлгі алуға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, әр жылы жеңіс күні жақындаған шақта сары ала түстес "Георгий" лентасы қоғамда кеңінен таралып, бүкіл жерде ілініп тұратын. Алайда биыл Қазақ елі бұл ала лентаға қарсылық білдіріп, өзіміздің туымыз секілді көк түстес лентаны тағуымыз қажет деген шешім қабылданған болатын.

Қатысты Мақалалар