Ерте қартаю ауруына шалдыққан атыраулық Нұржан Өркешбаев әйелімен ажырасып кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Нұржан өзінің Инстаграм парақшасында айтып берді.
«Ассалаумағалейкум инстаграмдағы достарым! Бүгінгі ұлыстың досаралық күні құтты болсын (авт. бірлік күні). Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Қазіргі жасым, 1 мамырда 26-ға толып жатырмын. Отбасылық жағдайымды сұрап жатқандар үшін айтарым. Отбасымда келіспеушіліктер болып, әйеліммен ажырасып кеттім. Көңілімізді түсірмейік. Қазақ елі аман, жұртымыз тыныш болып, қазақ елі мәңгілік жасасын!», – дейді Нұржан.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Нұржан Атырауда дүркіретіп той өткізген еді. Бұл ерекше жұп халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, біразға дейін ел аузынан түспеген болатын.