Солтүстік Корея Орталық Барлау Басқармасын Ким Чен Ын-ға қастандық жасауға ұмтылды деп айыптап отыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Кореялық БАҚ Америкалық және Оңтүстік Кореялық агенттердің КХДР басшысы Ким Чен Ын-ды өлтіруге оқталғанын растайды. Хабарда баяндағандай, Солтүстік Корея лаңкестерді тауып, тез арада көзін жойып жібереді делінген.
Солтүстік Корея мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің баяндауынша, ОББ мен Оңтүстік Кореялық барлау жасағының тікелей қолдауындағы террористік топ белгісіз биохимиялық затты пайдалану арқылы КХДР-дың басшысына арнауы түрде қастандық жасағысы келді дейді
КХДР-дағы ЦТАК агенттігінің хабарлауы бойынша, қастандық жасаушылар «құрамындағы радиоактивті наноқоспалары бар биохимиялық затты» пайдаланғысы келген.
Ким Чен Ын-ды әскери парад жүріп жатқан кезде улағысы келген екен, алайда неге екені белгісіз оның нәтижесі жарты жылдан соң белгілі болып отырған көрінеді.
Министрліктің растағанындай, Солтүстік Кореядағы «Ким» тегінен басталатын тұрғындардың аты жөнін Оңтүстік Кореялық арнайы қызмет өкілдері сатып алған.
Және КХДР билігі сол Ким тегін 300мың долларға сатып алынғандығын растап отыр.
Аударған: Арафат Дербес