Теңіз жағасындағы қызыл түске боялған су Ақтау жұртшылығының зәресін алды. Маңғыстау облыстық Экология депаратаменті басшылығының орынбасары болған жағдайға қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.
Ақтаудағы 9-шағын ықшамауданының тұрғындары теңіз суының түсі өзгеріп кеткенін айтып, шуласты.
«Белгісіз жағдайда су қызыл түске енді», - дейді бір тұрғын.
Экология департаменті жағаға теңіз балдырлары келгенін айтып түсіндірді.
«Теңіз суының ерекше түске енуіне балдырлардың жиналып қалғаны себеп болған. Олар жыл сайын осылай жиналып тұрады. Және пайдалы екенін де айта кеткен жөн, балдырлардың құрамында йод бар. Тұрғындарымызға қосымша ем болатын болады, алаңдаудың қажет жоқ. Мұндай балдырлар барлық кездеседі», - деді Бауыржан Әмірбеков.
Оның айтуынша, теңіздің ластануы да судың құбылмалы түске енуіне әкеліп соққан.