Жас натуралистер стансасында 50 түп алма ағашы отырғызылып, баққа әнші Димаш Құдайбергеновтің есімі берілді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Тәлімгерлер балалардың арасында сауалнама жүргізіп, баққа лайық атау іздеген. Нәтижесінде Димаштың өнеріне тәнті жасөспірімдер бірауыздан әншінің есімін атаған. Жас натуралистер Димаш Ақтөбеге келгенде баққа міндетті түрде ат басын бұратынына сенімді. Әрі әнші өз қолымен егетін бір түп ағаш дайындап қойды. Болашақта алма көшеттерінен басқа жеміс ағаштары да егіледі. Жас натуралистер стансасындағы үйірмелерге 700 оқушы қатысады. Олар жануарлар және өсімдіктер әлемімен танысып, экология мәселелерін зерттейді.
