Екі трансгендер Сауд Арабиясында Эр-Рияд полициясының жасаған қорлық әрекеттерінен жапа шегіп қаза тапқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі The Express Tribune-ға сілтеме жасап хабарлайды. Әйел болып киініп көпшіліктің алдына шыққан екі ер адамды полиция қызметкерлері таяқтап ұрып, мөшекке салған.
Осындай себеппен тағы 35 адам тұтқындалған. Сауд Арабиясында әйел болып киініп жүргендерге жаза тағайындалатын көрінеді. «Трансгендер тұтқындардың өмірін ешкім құтқарғысы келмейді. Себебі біз ешкімге керек емеспіз, тіпті өз мемлекетімізге де»-дейді транссексуалдардың белсенді өкілі Назим Камар.
48 мың доллар айыппұл төлегендер ғана тұтқыннан босайды. Қазіргі уақытта 11 адам босап, қалғандары қамауда.
дайындаған: Назерке МҰСА