Қазақстандық боксшы әлем чемпионатына жолдама алды

/uploads/thumbnail/20170710054122003_small.jpg

Әділет Құрметов есімді қазақстандық жас боксшы қытайлық Чу-Ен Лаймен жекпе-жекте жеңіске жетіп әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі  Sports.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Азия-2017 чемпионатында 60 келі салмақта қатысушылар арасында жекпе-жек болып өтті.

Жеңіс  төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандықтың қанжығасына бұйырды. Осыған орай, Әділет Құрметов әлем чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Әлем чемпионаты-2017 Германияның Гамбург қаласында өтеді. 

 

Аударған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар