Оңтүстік Кореяның 10 баласы мен қытайлық бір бала микроавтобустың жарылуы салдарынан қаза тапты, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Ренхап агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Вэйхай қаласында орын алған. Сондай-ақ, автобус ішінде балабақшаның қызметкері мен жүргізушісі де болған. Агенттіктің мәліметінше, балабақшаға тән микроавтобус тоннельде өзге көліктермен соқтығысып, кейіннен өртке оранған.
Төтенше жағдайдың себептері әлі анықталмады. Жол апаты болған орында тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Шолушы: Гүлім Жақан