Петропавл тұрғынына қала дүкені сүт орнына су сатқан (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710055514782_small.jpg

Петропавл тұрғынына сүт орнына су сатқан, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Петропавл тұрғыны дүкеннен екі пакет сүт сатып алған, алайда іші суға толы болған. Әйел адам ерекше тауарын видеоға түсіріп алып, ғаламторға салды.

«Петропавлдың сүті осындай. Масқара! Бір қорабын ашқанымда сүттің орнына су шықты» деп жазды тұрғын видеоның астына.

ЖШС «Казмолторг» зауытының қызметкері бұл жағдайды дүкен сатушыларының қателігінен болған деп түсіндірді.

«Сөреде көрсетілімге арналған жасанды тауарлар тұрады. Сүттің де сондай жасанды тауары болды. Оның артқы бетінде қызыл сызық бар. Ауыстырып тұрмас үшін ішін суға толтырып қойған. Сол нүктеде жұмыс істеп жүрген сатушы бірнеше минутқа шығып кеткен, ал басқа бөлімнің сатушысы сүт қорабының суға толып тұрғанын білмеген. Біз суға толы сүт қорабын сатып алған әйелді шақырып, үстінен қосымша үш сүт бердік. Бұл абайсызда болған қателік. Ешкім сүттің орнына су сата қоймас» деп айтты кәсіпорын директоры Вячаслав Котловский.  

 

Қатысты Мақалалар