Оңтүстік Корея жерінде өткен президенттік сайлауда «Тобуро» демократиялық партиясының мүшесі Мун Чжэ Ин жеңіске жетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «Ренхап» агенттігінің мәліметіне сүйеніп.
Мун Чжэ Инді қолдап, 13,4 млн сайлаушы дауыс берген. Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметінше, ол барлық беірлген дауыстың 41,1%-ын иеленді. Мун Чжэ Ин саяси сайыста екінші орын алған Хон Чжун Пхёден жинаған дауыс бойынша едәуір озып, рекорд жасады. Себебі Хон Чжун Пхё сайлауда 5,57 млн дауысқа ие болған.
Дайындаған: Айгерім Таубай