Корея Республикасының су жаңа президенті Пхеньянға бару сапарының мүмкін емес екендігін жоққа шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
«Егер, керек болса, бірден Вашингтонға аттанамын. Ал жағдай тартса Пхеньянғада баруға дайынмын»,-деді ұлықтау рәсімі кезінде президент.
Еске сала кетсек, Кореяда болған жедел президенттік сайлауда опозициялық Демократиялық партияның өкілі Мун Джэ Ин 41,1 пайыз дауыспен жеңіске жеткен болатын.
Дайындаған: Арафат Дербесұлы