Әлемдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, сириялық диктатор Башар Асад дүниеден озды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Ал кейбір мәліметтерге сүйенсек, Асад өлім аузында жатыр.
Асадтың бүгінгі күндегі халі жайлы әлемдік БАҚ өкілдері арасында көптеген мәліметтер тарауда. Бір деректер бойынша , Башар Асадқа өзінің қорғаушысы қарумен шабуыл жасаған . Ал келесі бір мәліметтер бойынша Асад Мәскеуге ота жасату үшін бармақ болған.
Башар Асад ми ісігінің ауыр түріне шалдыққан деп хабарлаған болатын Түркия елінің БАҚ өкілдері. Біраз уақыт бұрын Ресей және тағы да басқа БАҚ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Асадтың жүйке ауруымен ауырғаны мәлім болып отыр. Жүйке ауруы деп отырғаны қатерлі ісіктің бастамасы болуы мүмкін деген пікірлер де жетерлік.
Асадтың қазір қайда және қандай жағдайда екені жайлы нақты мәліметтер жоқ.
Шолушы: Айгерім Таубай