40 магнитті жұтқан бала аман қалды

/uploads/thumbnail/20170710060250789_small.jpg

Израилдегі медицина қызметкерлері 1 жас 7 айлық баланың ағзасынан 40 магниттен тұратын алқа тауып алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі jewishnews.com.ua-ға сілтеме жасай отырып. Операция Петах-Тикве қаласындағы «Шнайдер» балалар ауруханасында жасалды.

Ауруханаға келмес бұрын баланың асқазаны қатты ауырып, іші өткен. Баланы рентгеннен өткізгеннен кейін,  рентген суретінен баланың асқазанында дөңгелек мойынға тағатын алқа барын білген. Ағзадан әшекейді қолдан шығара алмағаннан кейін операция жасауды бастайды.

Операцияны жасау барысында оның магнит екенін білген  дәрігерлер, дереу қауіптің алдын алып, тез шешім қабылдай білді.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, магнит адам ағзасы үшін өте қауіпті. Олардың бірі-біріне деген тартылыс күшіі арқылы, ішекті жыртып жіберуі мүмкін. 

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар