Бүгінгі түн - күллі мұсылман үшін қасиетті түн

    Gulim Zhaqan
    Бүгінгі түн - күллі мұсылман үшін қасиетті түн

    Бүгінгі кеш - күллі мұсылман үшін қасиетті түндердің бірі Барат түні.  

    Исламда бірнеше қасиетті түндер бар. Солардың бірі осы Барат түні.  Ол түн айтізбе бойынша шағбан айының 15-түніне тура келеді. Бұл кеш биылғы күнтізбе бойынша мамырдың 10-11-не қараған түнге сәйкес келеді. Яғни, бүгiнi түн – қасиетті Барат түні.

    Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан бұл түнде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат, Алладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал.

    Бұл туралы ҚМДБ жариялаған 2017 жылға арналған діни күндердің кестесі төмендегідей:

    Дайындаған: Гүлім Жақан

    Қатысты Мақалалар