Қазақстандағы қасиетті жерлердің картасы жасалады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі today.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген болатын.
«Тарихы бар және өзіндік аңызға ие қасиетті жерлердің тамыры тереңде жатыр. Біздің міндетіміз – құндылыққа толы қасиетті жерлеріміздің жандана түсуіне ықпал жасау. Жылдың соңына дейін Қазақстандағы киелі жерлердің картасын жасау міндеті тұр. Алдағы екі ай ішінде электронды нұсқадағы картамен таныс боласыздар», деп мәлімдеді министр.
Айта кетсек, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Ұлытау ескерткіші, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Бекет ата мазараты, Шығыс Қазақстан және Тараз маңындағы қасиетті жерлерге баса назар аударылатыны хабарланған болатын.
Шолушы : Айгерім Таубай