Бал айына кеткен қызына қабір дайындап қойған ата-анасы құпиясын 30 жыл бойы жасырып келген

/uploads/thumbnail/20170710061502891_small.jpeg

Бал айнына кеткен ерлі-зайыпты үш күннен соң апатқа ұшыраған және бұл оқиғаны әйелі тек 30 жылдан кейін ғана айта алды  деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

 «Көзімді ашқанымда өз күйеуімді көрдім. Ол маған қарама-қарсы үш-төрт метр қашықтықта отырды. Сол кезде мені көріп қоштасқысы келгендей болды. Есіме алсам жүрегім қанжылайды»,- дейді Лариса.

Екі ұшақтың соқтығысуынан болған оқиғадан мен ғана аман қалдым. Екі күн Тайгада болдым, мені табатынына сенбедім, бірақ үшінші күні балықшылар мені тауып алды. Көп жерден жарақат алдым, басымнан соққы алдым, қабырғам, қолым, аяғым да сынған, тіпті тістерімнің  сау жері жоқ.

«Мені таппаған туысқандарым   маған көр қазып қойғанын да естідім»,- дейді Лариса есіне алып.

Арнайы қызмет органдары қайғылы оқиғаны газет беттеріне басып шығаруға тыйым салған және бұл оқиғаның болғанын ешкімге айтпаған.Оқиға туралы туысқандарына, достарына айтпауды бұйырған.Ларисаны ұзақ уақыт бойы ауруханада арнайы қызмет органдары  күзетіп тұрыпты. Анасына ештеңе айтпа деп қорқытқан. Бұл оқиғаны 2000 жылдан бастап қана айта бастапты.

Лариса осы оқиғаның кесірінен ұзақ жылдар бойы аурумен күрескен, бірақ бірнеше жыл бұрын дүниеге сәби әкеліп жаңа өмір бастады. Алға жүруге күйеуінің арманы себеп болған..

«24 тамыз оның туған күні еді. Маған  күйеуім әлі келетін сияқты болып сезіледі және менің қасымда  мәңгі болатын сияқты»,- дейді Лариса  жұбайының суреттеріне қарап.

Дайындаған: Ақнұр Мұхтархан

Қатысты Мақалалар