300 жаңа автобус. Алматының көлігі жоқ тұрғындары бақытқа кенелмек

/uploads/thumbnail/20170710061623173_small.jpg

Алматыда көлік реформасы аясында 11,5 миллиард теңгеге 300 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

«Біз мәслихаттың келесі сессиясына экономикалық ұсыныс дайындап қойдық. Олардан 11,5 миллиард теңге сұрап отырмыз. 300 жаңа автобус сатып алмақшымыз. Автобустың төрт категориясын сатып алғымыз келеді. Әзірше нақты шешпедік, бұл мәселе талқыланып жатыр», - деді Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Оның айтуынша, 32 - алты метрлік, 45 - 10 метрлік, 200 - 11 метрлік, 20 - 20 метрлік автобустарды сатып алу жоспарда бар. Сондай-ақ, Мақсұт Исахов «Алматыэлектротранс» үшін 60 автоубстың сатып алынғанын айтты.

Қатысты Мақалалар