9 метрлік көпірден құлаған сәтте анасы баласын кеудесіне қысып аман алып қалған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Ана болудың өзі бір ерлік. Кейде аналар өз баласы үшін түрлі құрбандыққа барып жатады.
23 жастағы Америка тұрғыны Дженнифер Дункан өзінің 8 айлық ұлы Дэниелді балабақшаға апара жатқан. Көпір тұсында әйел кішігірім жол апатына ұшырайды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жеткенше баласын ұстап көпір бойында тұрған. Сол сәтте өзін және сәбиін қауіпсіз жерде тұрмыз деп ойлаған.

Алайда сол жерде тағы бір жол апаты орын алады. Екі көлік бір-біріне жол бермей , бір көлік Дженнифер мен оның сәбиін соғады. Ауыр соққыдан ана мен бала 9 метрлік көпірден асфальтке құлаған.

Таңқалдыратыны , сәби біршама биіктіктен асфальтке құласа да еш жеріне зақым келмеген. Ал анасының омыртқа бөлігі зақымданып, аяғы мен қабырғасы сынған.

Дженниферге соңғы 10 ай ішінде 14 операция жасалды. Өкініштісі дәрігерлер науқастың аяғын қалпына келтіре алмады. Бүгінде жасанды аяқ арқылы қайта жүруді үйреніп жүр. Дженнифер өзінің осы уақытқа дейін аурумен күресуінің басты себебі ұлы екенін айтқан болатын.

Дайындаған: Айгерім Таубай